Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережелеріне өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрлігі

None
None
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі №159 бұйрығымен «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерiстер енгiзілді.

***

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №159

2012 жылғы 19 сәуір, Астана қаласы

«Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:

1. «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы №241 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде №4945 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2007 жыл, қыркүйек-қазан) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:

6- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ортақ мүлiктегi кондоминиум қатысушылары үлесiнiң мөлшерi бөлек (жеке) меншiкте тұрған (өзге заттық құқықта) тұрғын үйдiң пайдалы ауданы мен тұрғын емес үй-жайдың ауданының осы кондоминиум объектiсiнде тұрған барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы аудандары мен барлық тұрғын емес үй-жайлардың аудандарының сомасына қатынасымен белгiленедi.»;

12- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12.Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде кондоминиум қатысушыларының уәкiлеттi өкiлдерi болып:

1) кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам;

2) егер ортақ мүліктегі үлестердің мөлшері тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіппен айқындалатын болса, кез келген кондоминиум қатысушысы танылады.

Кондоминиум объектiсiн тiркеу туралы өтiнiштi кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам берген жағдайларда, оның өкiлеттiгi тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысында хаттамамен анықталады.

Кондоминиумның қатысушысы берген кондоминиум объектісін тіркеу туралы өтінішке осы кондоминиум қатысушысына меншік құқығынын (өзге заттық құқық) негізінде жататын жылжымайтын мүлiктiң кейiнгi объектiсiне құқық белгiлейтiн құжатының нотариалды куәландырылған көшiрмесi қоса беріледі.»;

13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен белгiленген ортақ мүлiктегi үлестерiнiң мөлшерi.»;

15-тармақ алып тасталсын;

16-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

16-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

17-тармақ алып тасталсын;

18- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18.Кондоминиум объектiсiн тiркеу өтiнiш тiркеушi органға түскен күннен бастап бес жұмыс күн iшiнде жүзеге асырылады.»;

20- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20.Кондоминиум объектiсiн тiркеген соң тiркеушi орган кондоминиум қатысушыларының үлестерiнiң есебi туралы құжатты, кондоминиум объектiсiнiң мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын тiркеушi органның мөртаңбасы бар жер учаскесiне құқық белгiлеушi және сәйкестендiру құжаттарын өтiнiш берушiге немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiне қайтарады.».

2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы  Әділет министрі         Б.ИМАШЕВ.

 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 14 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7655 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар