Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы бекітілді
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1421 қаулысымен Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1421
2011 жылғы 1 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазакстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазакстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1421 қаулысымен бекітілген
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары
1. Осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорына кіретін тұрғын үйлерде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау үдерісінде туындайтын қатынастарды реттейді.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
сервистік қызмет субъектісі - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
ортақ мүлік - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, жертөлелер, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі);
жер учаскесі - тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы;
ғимаратты (құрылысты, жабдықты, коммуникацияны, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді) ағымдағы жөндеу - ғимараттың (құрылыстың, жабдықтың, коммуникацияның, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілердің) жарамдылығы мен жұмыс қабілетін қалпына келтіру, нормативтік және техникалық құжаттамаларда белгіленген көлемде шектелген номенклатураның құрамдас бөліктерін ауыстыра немесе қалпына келтіре отырып, оның ресурстарын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жұмыс;
ғимаратты (құрылысты, жабдықты, коммуникацияны, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді) күрделі жөндеу - ғимаратты (құрылысты, жабдықты, коммуникацияны, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді) қажет болған жағдайда конструктивтік элементтері мен инженерлік жабдықтар жүйелерін ауыстыра отырып, оның ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жөндеу;
кондоминиум объектісін күтіп-ұстау - кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шартқа сәйкес сервистік қызмет субъектісі іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жиынтығы;
кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды сервистік қызмет субъектісі кондоминиум объектісін басқару органымен жасаскан шартқа сәйкес жүзеге асырады. Шарт жасасар алдында үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері сервистік қызмет субъектілерінің кандидатураларын жалпы жиналыста қарайды және сервистік кызмет субъектісін анықтау туралы хаттама жасайды.
4. Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылатын кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот және кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін жинақ шотын ашады.
5. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау:
1) ағымдағы және күрделі жөндеуді сәулет-құрылыс нормаларына, экологиялық талаптар мен нормативтерге, санитарлық-техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларға сәйкес жүргізу;
2) коммуналдық қалдықтарды жинау орындарында экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтарды, жер учаскесін ағымдағы техникалық, санитарлық күтіп-ұстау;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін не оның жекелеген құрылыс конструкцияларын, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтарын күрделі жөндеу арқылы жүзеге асырылады.
6. Кондоминиум объектісін басқару органы мен сервистік қызмет субъектісінің арасында шарт жасалған кезде қызметтердің тізбесіне мынадай жұмыстарды кешенді орындау қамтылады:
1) кондоминиум объектісінің конструкциялары мен инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін жоспарлы және жоспардан тыс тексеріп қарау (газ, лифт жабдықтары мен қоқыс жинағыштарды қоспағанда, оларға тиісті ұйымдармен жеке шарттар жасалады);
2) қоқыс жинағыштарды, үй маңындағы аумақтарды санитарлық тазарту, қоқысты әкету (кәрізі жоқ үйлерде - ауладағы дәретхананың қазылған шұңқырларын тазарту, жинау және әктеу);
3) көгалдандыру;
4) жертөлелік үй-жайлар мен ортақ пайдаланылатын басқа да орындарды дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау;
5) көктемгі-жазғы және қысқы маусымдарға дайындық;
6) аварияларды жою;
7) желдеткіш арналары мен түтіндіктерді тазарту;
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу;
10) ортақ пайдаланылатын орындарда орталық жылыту, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, желдету жүйелеріне қызмет көрсету.
7. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында бекітіледі.
8. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, сондай-ақ жер учаскесін пайдаланады және басқарады;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуы мен қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.