Көне мен келешек көпірі: Түркістанда халықаралық байқау қорытындысы жарияланды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда «Көне мен келешек көпірі» атты халықаралық байқаудың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы, Орал, Атырау, Ақтау қалалаларынан 30-дан астам фотограф пен қылқалам шебері қатысты.
Ережеге сәйкес, байқаудың марапаттау салтанаты екі бағытта өткізілді. Біріншісі – көне және жаңа Түркістанның көрінісінен сыр шертетін фотосуреттер болса, екіншісі – рухани астананың келбеті бейнеленген қылқалам шеберлерінің картиналары.

Нәтижесінде, «Фотосурет» номинациясы бойынша 1-орынға Серікболсын Шері, 2-орынға Асыл Жұмаханов ие болды. Ал, Антон Лищенко мен Ұлпан Әбдірахман 3-орынды иеленді. «Қылқалам шеберлері» номинациясы бойынша Темірбек Нұрмашев жеңімпаз атанса, Мұрат Шаханбаев 2-орынды жеңіп алды. Ал, Серік Қинабаев пен Ержан Рысымбетов 3-орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
