«Көне жетігеннің сыры» атты тарихи-танымдық кинохикая түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Көне жетігеннің сыры» атты тарихи-танымдық кинохикая түсірілді.

Жобаның басты мақсаты - ол өңірдің Түркістан, Арыстан баб, Отырар, Сауран, Сайрам секілді көне жерлері мен Ақсу-Жабағылы, Өгем табиғи қорықтары әрі Қазығұрт тауы секілді табиғаты әсем жерлерді кеңінен насихаттау, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұдан бөлек өңірде «Туған жер» бағдарламасы аясында 31,4 миллиард теңгені құрайтын 577 жоба жүзеге асып жатыр. Ал өткен жылы туған жерін түлеткен кәсіпкерлердің бастамасымен 138 жоба аяқталып, бірнеше әлеуметтік нысан ел игілігіне берілген болатын.

«2018 жылы біздің жоспарымызда ең негізгі бағытымыз тәрбие және білім болып тұр. Біз осы заманға сай болуы үшін үштілділік оқыту мәселесіне назар аударып отырмыз. Сонымен қатар ақпараттандыру технологиясын, IT технологияны меңгеру бағытына назар салып отырмыз. Өйткені болашақ осылармен байланысты. Біз биылғы жылдан бастап «Менің болашақ кәсібім» атты үлкен іс-шараны өткізбекпіз»,-дейді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі
Бақытжан Әшірбеков.

Соңғы жаңалықтар