Конфедерация Кубогы 2017: ОҚО мен Ақтөбе спортшылары 1/2 финалға жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында «Конфедерация Кубогы 2017» додасының «С» тобының бәсекелері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конфедерация Кубогы 2017: ОҚО мен Ақтөбе спортшылары 1/2 финалға жолдама алды

Жеребе бойынша «С» тобында Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Астана қаласының спортшылары өзара сынға түсіп, нәтижесінде таеквондо спорты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары қарсылас шақ келтірмей, жартылай финалдық бәсекелерге жолдама алды.
null

Дзюдо мен еркін күрестен ақтөбелік балуандардың мерейі үстем болды.
null

Ал грек-рим күресі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының балуандары басымдық танытты. 
null

Естеріңізге сала кетейік, «Конфедерация Кубогы» осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ауқымды доданың жартылай финалдық және финалдық сайыстары 2-3 желтоқсан күні Алматы қаласында өтеді.

nullnull