Конфедерация Кубогы: Жартылай финалға шыққан төрт команда белгілі болды

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Конфедерация Кубогы аясында өткен сайыста Астана мен Маңғыстау командалары жартылай финалға жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар мен Шымкент қалаларында А және С топтарында сынға түскен өңірлік командалар өзара бақ сынасып, Қарағанды мен Шымкент командалары үздік шыққан болатын.
Енді міне, олардың В тобы мен D тобының жартылай финалына шыққандары белгілі болды. Осылайша Астана, Маңғыстау, Қарағанды мен Шымкент жартылай финалда кездеседі. Ақтық бәсекелер Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді деп жоспарланған.
Жеребе қорытындысы бойынша қазіргі таңда барлық облыстық командалар 4 топқа бөлініп өзара бақ сынасуда.
А тобы: Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар және Қарағанды облыстары.
В тобы: Астана, Атырау облысы, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірлері.
С тобы: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қостанай мен Ақтөбе облыстары.
D тобы: Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Қызылорда мен Ақмола облыстары.
Жартылай финалда бокс, күрес және тхэквондодан жекпе-жектер бір уақытта болады. Финалдық ойындар Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылмақ.
Конфедерация Кубогы 2016 жылдан бастап 6 спорт түрінен өтіп тұрады. Олар - грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, тхэквандо және бокс. Әр спорт түрі бойынша жеңіп шыққан өңірлік құрамалар 25 миллион теңгені еншілейді.