Конфедерация Кубогын «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусымның 17-сі мен шілденің 2-сі аралығында Ресейде өтетін футболдан Конфедерация Кубогын «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Kazsport» арнасының сайтына сілтеме жасап.

Конфедерация Кубогын «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары көрсетеді

Конфедерация Кубогы-2017 - ФИФА аясында өтетін ұлттық құрамалар арасындағы сегізінші футбол турнирі. Оған 8 ел қатысады. Олар: Ресей, Германия, Австралия, Чили, Мексика, Жаңа Зеландия, Португалия және Камерун.

Үш құрама (Ресей, Португалия және Чили) турнирге алғаш рет қатысады.

Кубоктың барлық 16 маты «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан тікелей эфир арқылы көрсетілетін болады.