Конференцияда халықтың этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазіргі заманғы өркениеттің тұрақты даму жағдайындағы этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,

Конференцияда халықтың этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Университеттің әлеуметтік ғылымдар факультетінде өткен ғылыми мәжіліске Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары және қоғам қайраткерлері қатысты. Олар этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау аясында халықтың мәдениетін қалыптастыру және осы орайдағы ғылымның рөлі, сондай-ақ еліміздегі этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім үлгісін жасау мәселелерін талқылады. Конференция этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру мәселелерін талқылауға арналған үш секция бойынша өтті.