Конференция лигасы: «Астана» сырт алаңда «Нью-Сэйнтс» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазанның 24-інен 25-іне қараған түні Шрусбериде (Англия) Уэльстің «Нью-Сэйнтс» командасы Конференция лигасы жалпы кезеңінің 2-туры аясында «Астананы» қабылдайды. 

футбол
Фото: «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі

«Нью-Сэйнтс» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

Prosports.kz сайтының мәліметінше, ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді. 

Айта кетейік, қазақстандық клуб Конференция лигасының жалпы кезеңін Алматыдағы Орталық стадионда сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» командасын (1:0) жеңіп бастады. Ал «Нью-Сэйнтс» алғашқы ойында сырт алаңда италиялық «Фиорентинадан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» командасының ішкі біріншілікте чемпиондыққа жақындай түскенін жазған едік.