Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «Панатинаикос» (Грекия) кездесуі өтті.

Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» есе жіберді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Жанкүйерлер бұл кездесуді асыға күтті. Қазақстандық команда алғашқы турда сырт алаңда Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебіне қанағат білдірген еді. Сол сәттілік сериясын жалғастырып, алматылық команда жеңіске жетуге күш салатынынан үміттенді. Дегенмен грекиялық клуб сапында тәжірибелі футболшылар жинақталған. Сондықтан «Қайрат» үшін бұл кездесудің оңайға соқпайтыны белгілі болды.

Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» есе жіберді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Кездесу барысында грекиялық клуб алғашқы болып есеп ашты. Алдымен олардың қатарынан 6-минутта Висенте Таборда есеп ашса, 24-минутта Сирил Дессерс пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» есе жіберді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Екінші кезеңде грекиялық команда тағы үш гол соқты. Ойын барысында Сирил Дессерс 47-минутта тағы бір мәрте көзге түссе, Кингз Кангва 57, Эльмин Растодер 75-минутта мергендік танытты.

Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» есе жіберді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ал алматылық клуб сапынан Исмаил Бекболат 79-минутта бір голмен жауап қайырды.

Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» есе жіберді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Осылайша, «Қайрат» қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.

Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» есе жіберді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Енді қазақстандық команда сырт алаңда Италияның «Аталанта» клубымен кездессе, 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» командасымен ойнайды.

Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикосқа» есе жіберді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Одан кейін өз алаңында 10 желтоқсанда Румынияның «Университатя Крайовосын» қабылдаса, 17 желтоқсанда Нидерландта «Твентемен» кездеседі.UEFA Конференция лигасының алғашқы турында «Қайрат» сырт алаңда Латвияның «Рига» командасымен 1:1 есебімен тең түссе, «Панатинаикос» өз алаңында Босния және Герцоговинаның «Борац» клубын 2:1 есебімен қапы қалдырды.