Конференция лигасы: «Қайрат» — «Панатинаикос» кездесуіне төрешілер бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан UEFA Конференция лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «Панатинаикос» (Грекия) кездесуінде қазылық жасайтын төрешілер бригадасы белгілі болды.

Конференция лигасы: «Қайрат» — «Панатинаикос» кездесуіне төрешілер бекітілді
Фото: sportstar.thehindu.com

Бұл кездесу 22 қазан күні Қазақстан уақытымен 19:20–да Алматы қаласындағы Орталық стадионда стадионында басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу барысында бас төреші міндетін нидерландтық Аллард Линдхаут атқарады. Оған алаң жиегінде оның отандастары Йохан Балдер мен Дион Фиккерт көмектеседі.

Төртінші ресми төреші қызметі Сандер ван дер Эйкке жүктелген. VAR төрешісі Эрвин Бланк болса, оның ассистенті міндеті Алекс Босқа жүктелді. 

«Панатинаикос» командасының құрамы

Қақпашылар: Иньяки Пенья (Испания), Костас Коцарис (Грекия), Христос Гейтонас (Грекия)

Қорғаушылар: Давиде Калабрия (Италия), Гиоргос Катрис (Грекия), Стефан де Врей (Нидерланд), Эрик Палмер-Браун (АҚШ), Сотирис Контурис (Грекия), Триантафиллос Цапрас (Грекия), Виктор Кристиансен (Дания), Рик ван Дронгелен (Нидерланд), Весилеос Лабвас (Грекия)_, Гиоргос Кирьякопулос (Грекия);

Жартылай қорғаушылар: Адриано Ягушич (Хорватия), Висенте Таборда (Италия), Аззеддин Унахи (Марокко), Этьенн Камара (Франция), Имран Луза (Марокко), Факундо Пельистри (Уругвай), Кингс Кангва (Замбия), Панайотис Биниарис (Грекия);

Шабуылшылар: Андреас Тетте (Грекия), Сириль Дессерс (Нигерия), Сантино Андино (Италия), Гиоргос Кириопулос (Грекия), Иоаннис Гавриил Бокос (Грекия), Ясон Немпис (Грекия), Эльмин Растодер (Солтүстік Македония), Леви Гарсия (Тринидад және Тобаго).

«Панатинаикос» командасы 1908 жылы құрылған. Қазір дейін өз елінде 20 мәрте чемпион атанса, 18 мәрте кубокты төбесіне көтерді.

UEFA Конференция лигасының алғашқы турында «Қайрат» сырт алаңда Латвияның «Рига» командасымен 1:1 есебімен тең түссе, «Панатинаикос» өз алаңында Босния және Герцоговинаның «Борац» клубын 2:1 есебімен қапы қалдырды.