Қонғалы жатқан ұшақтың қанаты фотографтың басын жұлып кете жаздады - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қонғалы жатқан жеңіл моторлы ұшақты суретке түсірмек болған Споттер жазым бола жаздады. Оқыс оқиға Сен-Бартелеми аралында Густава III атындағы әуежайдың маңында орын алды, деп хабарлады Росбалт.
Фотограф түсірген суретін Instagramда жариялады. Әлеуметтік желіде ол шасси саусағын жарақаттағанын айтты.
Густава III атындағы әуежай әлемдегі ең қауіпті әуежайлардың бірі болып саналады. Оның ұшу-қону жолағы әрі тар, әрі оның ұзындығы 640 метрді ғана құрайды.