Конго түрмесінде жазасын өтеп жатқандардың бәрі қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз қаруланған адамдар Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы түрмеге оқ жаудырып, жазасын өтеп жатқан 370 тұтқынның бәрін босатып алды.

Конго түрмесінде жазасын өтеп  жатқандардың бәрі қашып кетті

Al Jazeera хабарлағандай, болжам бойынша бұл оқиғаға «Одақтық демократиялық күштер - Уганданы азат етудің ұлттық армиясы» радикалды тобы мүшелерінің қатысы бар. Алайда жергілікті биліктегілердің басқаша айтып отыр. Бутембо қаласы мэрінің пікірінше, шабуыл жасағандар қарақшылар болған.

КДР-да тұрақсыз жағдай сақталуда. Қазір елде 18,5 мың әскери қызметкер мен MONUSCO-ның 500 әскери бақылаушысы, сонымен бірге, 1,5 мың полицей бар. Бітімгерлер елді жайлаған түрлі әскери топтармен күресуде.