Конгода БҰҰ миссиясының ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының Киншаса қаласындағы әуежайда БҰҰ Мисссиясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан кем дегенде 10 адам опат болды.

Конгода БҰҰ миссиясының ұшағы апатқа ұшырады

Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасай отырып РБК агенттігі хабарлаған.

Ұшақ бортында қанша жолаушы болғаны жайлы ақпарат таратылмай отыр. Сонымен қатар апатқа ұшыраған ұшақтың маркасы да белгісіз.

Соңғы үш ай ішінде бұл Конгода болған үшінші әуе апаты.