Конгода Эбола безгегінің 676 расталған жағдайы тіркелді — ДДҰ
АСТАНА. KAZINFORM — Аурудың жаңа жағдайлары күн сайын анықталып жатыр. Мамандар індетке шалдыққандардың нақты саны ресми тіркелген көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Анадолы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эпидемиология және ден қою шараларын талдау бөлімінің жетекшісі Оливье ле Поленнің мәлімдеуінше, кеше күнгі жағдай бойынша Конго Демократиялық Республикасы аумағында Эбола безгегінің 676 расталған жағдайы тіркелген. Оның ішінде 136 адам қайтыс болды. Бұл туралы Оливье ле Полен Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Женевадағы кеңсесінде өткен апталық баспасөз мәслихатында айтты.
Оның сөзінше, Конгодағы індет жұқтырғандар саны мен таралу аумағы бойынша кеңейіп келеді.
— Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, кеше күнгі жағдай бойынша 676 расталған жағдай тіркелді, оның 136-сы қайтыс болды. Науқастардың басым бөлігі Итури провинциясында анықталғанымен, ауру Солтүстік Киву мен Оңтүстік Кивудағы 34 медициналық ауданда да тіркелді, — деді ол.
ДДҰ өкілі жаңа жағдайлар күн сайын анықталып жатқанын айтып, індетке шалдыққандардың нақты саны ресми статистикадан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жеткізді.
Оның айтуынша, ДДҰ Конго үкіметімен бірлесіп індетпен күрес жүргізіп жатыр. Мамандар халықтың жоғары көші-қоны, денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігі және елдегі тұрақсыз жағдай эпидемияға қарсы күресті қиындатып отырғанын атап өтті.
Эбола індеті 15 мамыр күні Конгоның шығысындағы Итури провинциясында 246 күдікті жағдай мен 65 өлім тіркелгеннен кейін жарияланған болатын.
17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола індетінің қайта өршуіне байланысты денсаулық сақтау саласында халықаралық төтенше жағдай жариялады.
Денсаулық сақтау шенеуніктері қазіргі эпидемия Эбола вирусының «Бундибуг» деп аталатын сирек штаммынан туындап отыр, оған қарсы бекітілген ем немесе вакцина жоқ.
Бұл індетпен дертке шалдыққандар саны 1000-нан асты.
Бұған дейін ЕО Конгодағы Эбола індетімен күреске қосымша 5 млн еуро бөлетіні туралы жаздық.