Конгода қару-жарақ қоймасына жай түсіп, бірнеше адам қаза тапқан
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасындағы Мбуджи-Маи қаласында орналасқан қару-жарақ қоймасына түскен жойқын найзағай салдарынан бес адам қаза тапты, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бес адам қаза тапқан», - деген мәлімдеме жасады Нгои Касанджи провинциясының губернаторы мемлекеттік телеарнадан.
Қуатты жарылыстың кесірінен қойма маңындағы үйлер де зақымданған. Жергілікті баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жарылыс құрбандарының саны ондаған адамға жетіп, көптеген адамдар жараланған.