21:41, 14 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Конгода кеме апатынан 129 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасындағы Таньганика көлінде болған кеме апатынан 129 адам қаза тапты.
Елдің көлік министрлігінен хабарлағандай, 232 адамды құтқарып үлгерген.
Жергілікті биліктің айтуынша, кеме жүкке толы болып, қатты желдің соғуынан суға батып кеткен, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.