13:41, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
Конгода пойыз апатынан 30-дан астам адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасында орын алған пойыз апаты салдарынан 30-дан астам адам қаза тауып, 55 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.
Пойыз елдің оңтүстік-шығысындағы Катанга провинциясы Камина қаласының маңында рельстен тайып кеткен. Зардап шегушілердің саны әлі де артуы ықтимал, себебі пойыз сынықтарының астында адамдар болуы мүмкін, деген болжам бар. Әзірге қайғылы оқиғаның себептері белгісіз, оны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.