Конгода президент әкімшілігінің қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конго Демократиялық Республикасының шығыс бөлігінде жоғалып кеткен Ан-72 әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат КДР Азаматтық авиция басқармасына сілтеме жасап.

Конгода президент әкімшілігінің қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады

Конголезиялық радионың мәліметінше, ұшақ бортында экипаждың төрт мүшесі, әскери қызметкерлер, сондай-ақ, КДР президенті әкімшілігінің қызметкерлері болған.

Ұшақ КДР шығысындағы Гома қаласынан елдің астанасы Киншасаға бара жатқан. Ұшқан сәттен 59 минут өткен соң ұшақпен байланыс үзілген. Опат болған жолаушылардың аты-жөні әзірге белгісіз, алайда әскери ақпарат көздерінің мәліметінше, олардың арасында президенттің жеке жүргізушісі, оның қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері және көмекші қызметкерлері болуы мүмкін.