Конгода тасқын мен көшкіннен 40 адам мерт болды

Конго
Фото: видеодан алынған кадр

Конго Демократиялық Республикасының шығысында нөсер жаңбыр су тасқыны мен көшкінге ұласып, 40 адам қаза тапты. Kazinform бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресми тұлғалардың ақпаратына сенсек, Букаву қаласында кемінде 20 адам және қаладан 50 шақырым жердегі ауылда тағы 20 адам қаза болған. 

Букаву тұрғыны Ивонн Мукупи көршісін су ағызып әкеткенін айтты.

— Ағаш астынан үш адамның мәйітін таптық, әзірге басқалары табылған жоқ, - деді ол.

БҰҰ климат сарапшыларының пікірінше, қаланы жоспарлау нашар және инфрақұрылым әлсіз болғандықтан мұндай қауымдарға жаһандық жылынуға байланысты Африкада жиілеп кеткен нөсер жаңбыр қауіп төндіреді.

Сондай-ақ сейсенбі күні Конго ДР провинцияларының бірінде нөсер жаңбыр салдарынан 22 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар