Конгодағы кеме апаты: 180 адам із-түссіз жоғалды

КИНШАСА.Синьхуа-ҚазАқпарат – Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысында Конго өзеніндегі кеме апаты салдарынан кем дегенде 180 адам із-түссіз жоғалды. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттіне сілтеме жасап.

Конгодағы  кеме апаты: 180 адам із-түссіз жоғалды

Мбандаки (Экватор провинциясының әкімшілік орталығы) өзен комиссары Мбойо қайғылы оқиға туралы мәлім еткенімен нақты деректерді айтқан жоқ.

Ескі кемеге 600-ге жуық жолаушы артық мінген, деп хабарлады БҰҰ қолдауындағы БАҚ-тың бірі Radio Okapi кейбір аман қалғандардың куәлігіне сілтеме жасап.

«Кемеде адам денелері қалды. Біз кем дегенде үш адамның мәйітін көрдік. Бірақ олардың нақтыс санын білмейміз, себебі із-түссіз жоғалғандар көп», - деп хабарлады куәлердің бірі.

Бүкіл КДР-да, әсіресе Конго өзенінде кеме апаттары жиі орын алуда. Оған кемелердің әдетте түнгі уақытта жүруі, шамадан артық жүк тиеуі, сондай-ақ олардың нашар жағдайы себеп болып отыр.