Конгодағы пойыз аударылуынан құрбан болғандар саны 74 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасында пойыз аударылуынан құрбан болғандардың саны 74 адамға жетті, деп хабарлады Росбалт.
None
None

«Жексенбі күні кештегі мәліметтер бойынша 74 адам мерт болған», - деп мәлім етті елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Оның айтуынша, оқиға салдарынан 163 адам жарақаттанды. Бұдан бұрын 56 адамның қаза болғаны хабарланған болатын.

Росбалт хабарлағандай, елдің оңтүстік-шығысындағы Катанга провинциясында Камина қаласының маңында пойыз рельстен шығып кетті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум