Конгресс-Холда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған қайырымдылық концерті өтті
СТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айгүл Айтмұқанова/ - Елордалық Конгресс-Холл сарайында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған қайырымдылық концерті өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен елордалық Конгресс-Холл сарайының бастамасымен ұйымдастырылды.
Мерекелік концертке арнайы шақырылған соғыс ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің орындауындағы театрландырылған қойылымды, ән мен би өнерін тамашалады.