19:49, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Конгресс-холл сахнасында Айман Мұсақожаеваның елорда күніне арналған мерекелік концерті өтуде
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Елордалық Конгресс-холлдың концерт залында Айман Мұсақожаева музыка кешін ұйымдастырды. Биыл атақты скрипкашы, «Әлем әртісі» Айман Мұсақожаева қала тұрғындары мен қонақтарына классикалық музыканың әдеттен тыс концерт-шоуын сыйлайды. Бұл шара Қала күнін мерекелеу ауқымында өтуде. Бұл туралы ол журналистерге шара басталар алдындағы брифингіде айтты.

«Бүгінгі біздің концертіміз концерт-шоу түрінде өтеді, оның бағдарламасын Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев ұсынды», - деді А.Мұсақожаева.
Концертте көрермендер танымал шығармалармен қатар, жаңа жанрдағы дүниелермен қауышады.
Кеште атақты өнер жұлдызымен бірге Астана қаласының «Солистер академиясы», Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі, Биг-бенд және осы өнер ордасының скрипкашылар ансамблі, сондай-ақ балғын әртістер - мектеп оқушылары да қатысады.
Еуразиялық симфониялық оркестрге Мәскеу консерваториясының профессоры Максим Фетотов дирижерлік етеді.