Конгресс Трамптың әскери өкілеттіктері туралы қарарды бұғаттады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон (Луизиана штатынан республикашыл) АҚШ-тың Иранға араласуына жол бермеуге бағытталған әскери өкілеттіктер туралы екі партиялы қарарға қарсы шықты, бұл президент Дональд Трампты қолдаудың көрінісі болды, деп хабарлайды The Hill.

Резолюция о военных полномочиях Трампа заблокирована в Конгрессе
Фото: x.com / @MikeJohnson

Өткен аптада Томас Мэсси (Кентукки штатынан республикашыл) және Ро Ханна (Калифорниядан демократ) Трампты Конгресс рұқсатынсыз шетелде АҚШ әскери күштерін «пайдалануды тоқтатуға» бағыттайтын соғыс өкілеттіктері туралы қарарды ұсынды.

- Қазір әскери өкілеттік туралы шешім қабылдаудың оңтайлы уақыты емес деп санаймын және бұл қажет деп ойламаймын, - деп мәлімдеді Майк Джонсон.

Спикер 80 жыл бойы екі партияның да президенттері әскери соққыларды Конгрестің мақұлдауынсыз санкциялап келгенін атап өтті. Президент Джо Байден Таяу Шығыста үш мәрте әскери операциялар жүргізді. Барак Обама болса режимді тақтан тайдыру үшін 8 Ливияға қарсы 8 айлық науқанды бастады.

- Мен демократтардың бұған қарсы болғанын бұрын-соңды естіген емеспін, ал бүгін олар бұлқан-талқан болып ашуланып жатыр. Мұның бәрі саясат. Қазір саясаттың уақыты емес, - деп қосып өтті спикер.

Джонсонның ұстанымына қарамастан, Мэсси мен Ханна заң жобасы 17 маусымда ұсынылған соң 15 күннен кейін де қарар бойынша дауыс бере алады.

АҚШ-тың Иранға әуе шабуылына реакция саяси партиялар бойынша бөлінді: демократтар Трамптың Конгрестің рұқсатынсыз Иранға шабуыл жасау шешімін сынаса, республикашылдар Тегеранның ядролық бағдарламасын тежеу қадамын құптады.

Бұған дейін конгресмендер Трамптың Израиль мен Иран арасындағы қақтығысқа араласу өкілеттігін шектеуге ұмтылғаны туралы хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар