Көңілдесіне құпия мәлімет берді деген күдікпен ОББ-ның бұрынғы басшы жауапқа тартылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының бұрынғы басшысы, отставкадағы генерал Дэвид Петреустің үстінен АҚШ-тың Федералды барлау бюросы мен Юстиция министрлігі қылмыстық іс қозғау туралы мәселе көтерді, деп хабарлады ВВС New York Times басылымына сілтеме жасай отырып.
None
None

Генерал Петреус бұрынғы көңілдесіне құпия ақпаратты берді деген күдік бар. Генералдың адвокаты бұл мәселе туралы әлі ешқандай ақпарат таратқан жоқ.

Дэвид Петреус - АҚШ-қа қызметі сіңген әскери басшылардың бірі. Ол Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ операциялары кезінде Қарулы күштерге басшылық еткен. 2011 жылы Орталық барлау басқармасына төраға етіп тағайындалған. Алайда, келесі жылында өзінің биографы журналист Пола Бродуэллмен көңілдес екені Федералды барлау бюросына мәлім болып қалғандықтан, қызметінен кетуге мәжбүр болған. New York Times басылымының хабарлауынша, Бродуэлдің компьютерінен құпия мәліметтер табылған. Алайда, Петреус оған ешқандай мәлімет бермегенін айтып, өз кінәсін мойындаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар