Көңілді тапқырлар «Астана кубогына» таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесі қарсаңында КТК (КВН) Ортаазиялық лигасының ЖҚЛ маусымы аясында дәстүрлі халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы.
3 шілдеде Конгресс холл сарайында өтетін өнер додасында командалар «Астана кубогына» таласпақ. Танымал КВН командалары Астана тұрғындары мен қонақтарын қыран-топан күлкіге бөлемек.
Ортаазия лиганың қатысушылары: "Сборная РУДН" (Мәскеу), "СОЮЗ"(Тюмень), "Азия MIX" (Бішкек), "Қазақстанның жаңа құрамасы" (Астана), "Сборная Баку" (Әзербайжан).
Мерекелік шаралар тізіміндегі Астана Кубогына арналған «КТК» Екінші Қазақстандық фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй, риясыз күлкі сыйламақ.