Көңілсіз адамның түрін күлімсіретіп көрсететін айна

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Токио университетінің өнертапқыштары әрбір таңды қайырлы етудің тың тәсілін тапты.

Көңілсіз адамның түрін күлімсіретіп көрсететін айна

Оқу орнында орнатылған электронды шарайна көңіл-күйі бұзылған адамның түрін күлімсіретіп көрсетеді. Құрылғының орта тұсында адам бейнесін шағылыстыратын қабаттың орнында монитор мен камера бар. Осы құралдар қараған адамның бейнесін көңілді етіп, шырайландырады. Теңдессіз құрылығыны жасағандардың ойынша, оны күнделікті өмірде де қолдануға болады. Олар жайдары айнаны күйзеліске ұшыраған адамдарға көмектесу үшін пайдалануға да болатындығын айтты, деп хабарлады 24.kz.

«Компьютерлік бағдарлама адамның түр-әлпетін өзгертіп, жүзіне күлкі ұялатып, бет шырайын жанды қылып, түрлендіріп көрсетеді. Адам өзінің күлімсіреген түрін көріп, өзін бақытты сезіне бастайды», - деді Токио университетінің профессоры Михитака Хиросе.