Қоңқабаев бокстан Әлем чемпионатында алаң иесін жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 91 келден жоғары салмақ дәрежесіндегі қазақстандық спортшы Қамшыбек Қоңқабаев Гамбургтегі бокстан Әлем чемпионатында өзінің алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоңқабаев қарсыласы - неміс Макс Келлерді айқын басымдықпен жеңді, есеп - 5:0.

Енді қазақстандық боксшы 29 тамыз күні ширек финалдық кездесуін өткізеді. Ол өзбек Баходир Джалоловпен қолғап түйістіретін болады.

Еске салсақ, бұған дейін ширек финалға 4 спортшымыз - Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Жомарт Ержан (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Василий Левит (91 келіге дейін) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) өткен болатын. 29 тамызда Жомарт ресейлік Василий Егоровпен, Қайрат неміс Омар Эль-Хагпен, Әбілхан кубалық Арлен Лопеспен, Василий австралиялық Джейсон Уотелимен қолғап түйістіреді.

Үш спортшымыз - Азамат Исақұлов (52 келі) пен Әділет Құрметов (60 келі) пен Бекдәулет Ибрагимов  (64 келіге дейін) турнирдегі жарысын аяқтады.

25 тамызда басталған бокстан Әлем чемпионаты тоғыз күнге жалғасып, 2 қыркүйек күні мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар