Конькимен жүгіру: Кристина Шумекова Бейжіңдегі әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

​АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қытай астанасы Бейжіңде конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кристина Шумекова
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржыны күміс медальмен толықты. Әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта Кристина Шумекова жеңіп алды.

​Әйелдер, А дивизионы. 1000 м:
​Анаэль Далеман - 1:14.07
Кристина Шумекова - 1:15.64
Виктория Дабровска - 1:15.85

​Бейжіңдегі әлем кубогы кезеңі 15 қарашаға дейін жалғасады. Жалпы Қазақстан командасы сапында 15 спортшы бақ сынап жатыр.

Айта кетейік, бүгін Қазақстаннан төрт боксшысы World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады.