Конькимен жүгірушілер әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде екі жүлдеге ие болды.

Қазақстандық конькимен жүгірушілер жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Отандастарымыз нео-сеньорлар санатында командалық із кесу жарысында жеңіс тұғырынан көрінді.

ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы бәсекеде Абылайхан Қайырғазы, Азамат Сатқожа және Руслан Жанаділов күміс медаль жеңіп алды.

Ал әйелдер арасында Анастасия Беловодова, Айзада Рымбек және Алена Лифатова қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 29 қарашада Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.