Конкурдан жасөспірімдер мен юниорлар арасында ел чемпионаты өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — 7-8 қарашада Астанадағы «Арғымақ» кешенінде жасөспірімдер мен юниорлар арасында конкурдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат — ат спортын дамыту, ұлттық құрама мүшелерінің шеберлігін арттыру және болашақ чемпиондарды анықтау.
Жарыс кестесі келесідей:
7 қараша
сағат 10:00 — Салтанатты ашылуы
сағат 10:30 — № 1 Маршрут «Балалар» 100 см (12-14 жас)
сағат 12:00 — № 2 Маршрут «Жасөспірімдер» 110 см (15-18 жас)
сағат 14:00 — № 3 Маршрут «Юниорлар» 120 см (16-21 жас)
8 қараша
сағат 10:00 — № 1 Маршрут «Балалар» 110 см
сағат 12:00 — № 2 Маршрут «Жасөспірімдер» 120 см
сағат 14:00 — № 3 Маршрут «Юниорлар» 130 см
сағат 16:00 — Марапаттау рәсімі
Бас төреші — Ирина Кнорр (МК1*), гранд-төрешілер алқасының мүшелері: Валерий Стародубов, Алуа Ишеева. Курс-дизайнер — Тамила Ерқанат.