Конкурсқа ұсынылған 127 жұмыстан 12 ғылыми жұмыс жеңімпаз атанды

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат. Бүгін жаратылыстану, гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар саласындағы үздік зерттеулері үшін еліміздің ғалымдарына сыйлықтар табыс ету рәсімі өтті,

Конкурсқа ұсынылған 127 жұмыстан 12 ғылыми жұмыс жеңімпаз атанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңімпаздарды құттықтаған Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев ғылым саласындағы сыйлықтардың Қазақстан қоғам қайраткерлері мен атақты ғалымдар атымен аталуы - еліміздің зиялы қауымы мен ғылымның алдыңғы шебіндегі ғалымдарымыз үшін ерекше маңыздылығына тоқталды.

Конкурсқа ұсынылған 127 жұмыстан 12 ғылыми жұмыс жеңімпаз атанды, олар ғылыми міндеттерді шешуде терең мазмұндылығымен ерекшеленген, теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды.

Қ.И.Сәтбаев атындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін: бірінші сыйлық:

«Сингулярлы коэффициенттері бар жазықтықтағы дербес туындылы теңдеулер жүйелері үшін шеттік есептер» тақырыбына арналған ғылыми жұмыстар циклі үшін мынадай құрамдағы авторлар ұжымына:

«Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіманапов Сәрсенғали Әбдіғалиұлына;

«Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы «Жаратылыстану-техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі,  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Түнқатаров Әлиасқарға; екінші сыйлық:

«Тереңдегі ұңғы құрылысын жүргізуге қажетті құрал-саймандардың жаңа түрлерін жасаудың ғылыми-қолданбалы негіздері» тақырыбына арналған ғылыми жұмыс үшін мынадай құрамдағы авторлар ұжымына:

«Алмас» ғылыми-енгізу орталығы» ЖШС бас ғылыми қызметкері Мендебаев Тоқтамыс Нүсіпқұлұлына;

«Алмас» ғылыми-енгізу орталығы» директоры Городецкий Иосиф Марковичке;
 «Алмас» ғылыми-енгізу орталығы» ЖШС жетекші инженері Смашов Нұрлан Жақсыбекұлына;

 «Геологтүсіруорталық» ЖШС директоры Исмаилов Хандаш Қалбыоғлына;
  «Геологтүсіруорталық» ЖШС бас инженері Изаков Бейбітшілік Қадырұлына;

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы гуманитарлық ғылымдары саласындағы үздік ғылыми жетістіктері үшін:

бірінші сыйлық:

«Ұлттық көркемдік дәстүрлер және олардың қазақ операсындағы конвергенттігі» жұмысы үшін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының өнертану секторының бас ғылыми қызметкері Күзембай Сара Әділкерейқызына; екінші сыйлық: «Әлем таныған тұлға» жұмысы үшін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының шығыстық нұсқажүргізу, Шығыс халықтарының тарихымен мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері Есмағанбетов Көшім Лекерұлына; Ы.Алтынсарин атындағы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін сыйлық: бірінші сыйлық:

«Мәдениеттану» жұмысы үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдениантропология кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлына;

Күлтегін атындағы сыйлық түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін:

«Ұлы қағанат (түріктер, мұңғылдар, татарлар)» жұмысы үшін  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері  Қойшығара Салғараұлына;

Д.А.Қонаев атындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы жас ғалымдардың үздік жұмыстары үшін:

«Антизотроптық кеңістіктер үшін интерполяциялау тәсілдері және олардың қолдануы» жұмысы үшін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы математика информатика кафедрасының доценті Бекмағанбетов Қуаныш Әбдірахманұлына;

«Бақылау жүргізу әдістемелерін және геодезиялық полигонның параметрлерін негіздеу» жұмысы үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «инженерлік геодезия және жерге орналастыру» кафедрасының ассистенті Қайранбаева Айнұр Берікқалиқызына;

«Ертіс өзенінің жағалауындағы (фаунасы, экологиясы, күрес шаралары) қосқанатты қансорғыштар (diptera: culicidae, ctratopogonidae, tabanidae)» жұмысы үшін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің биология и экология кафедрасының аға оқытушысы Нұрлина Айнагүл Балғақызына;

 М.О.Әуезов атындағы гуманитарлық ғылымдары саласындағы жас ғалымдардың үздік жұмыстары үшін:

«Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістер: мәселелері және болашағы» жұмысы үшін  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Шериязданова Кәмилә Ғалымқызына;

«Ғаламдастыру заманында жоғары білім беру вариативтілігі» жұмыстары циклі үшін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика» кафедрасының доценті міндетін атқарушы Анарбек Назгүлге;

«Жаңа педагогикалық тұжырымдар, идеялар, тенденциясы жиынтығында оқу-тәрбиелік үдерісті басқару» жұмыстары циклі үшін                Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жалпы және этникалық педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Садуақасова Зухра Маратқызына берілді.