Конор-«Ковбой» жекпе-жегін қазақстандықтар қайдан көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 18 қаңтардағы ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дональд Серроненің айқасын «QAZSPORT» арнасында тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конор-«Ковбой» жекпе-жегін қазақстандықтар қайдан көре алады

Кейінгі кездесулерін жеңіліспен аяқтап жүрген Конор Макгрегор осыған дейін 25 жекпе-жек өткізіп, 21 рет жеңіск жеткен. Бұған дейінгі айқасын ирландиялық спорты ресейлік Хабиб Нурмагамедовтен өткізіп, төртінші раундта жеңілген еді. Ал Дональд Серроне өткен жылы 4 кездесу өткізген. Екі рет қарсыластарынан басым түскенімен, қалған екеуінде есе жіберді. Жекпе-жекте жүргеніне көп болған америкалық спортшы 49 мәрте айқасқа түсіп, 36 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.

Аталмыш турнирді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. UFC 246 жарысы 19 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 07:00-де басталады.