Консалтингтік қызметтің әлеуетті тұтынушылары болып табылатын компаниялардың 33 пайзы ғана ол туралы дұрыс түсінікте
АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Компаниялардың 38 пайызы консалтингтік қызметті пайдалану туралы ешқашан ойланып та көрмеген.
Бұл бүгін Алматыда өткен Қазақстандағы консалтингтік және бизнес-тренинг қызметі нарығының алғашқы кешенді маркетингтік зерттеуінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның консалтингтік қызмет нарғында ұсыным сұранымнан айтарлықтай жоғары. Мұндай ахуал алдымен ұсынылатын қызметтің төмен сапасына байланысты. Нарық кездейсоқ адамдарға толы. Ал екіншіден, кәсіпкерлік мәдеиеті төмен. Сондай-ақ консалтингтік компанияларға мемлекет тарапынан қолдау жоқ. Оларға грант беретін халықаралық донорлар Қазақстандағы бизнес туралы мағлұматы аз», дейді «BISAM Central Asia» бизнес, ақпарат, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығының» президенті Леонид Гуревич. Оның айтуынша, Қазақстанда тіркелген консалтингтік компаниялардың үштен екісі - қызметкерлерінің саны 2-5 адамнан тұратын шағын бизнес субъектілері. Әрбір оныншы компанияда кеңес берушілердің тұрақты штаты жоқ. Консалтингтік қызметтің әлеуетті тұтынушылары болып табылатын компаниялардың 33 пайызы ғана консалтинг туралы дұрыс түсінікке ие. Респонденттердің 71 пайзы ешқашан консалтингтік қызметті пайдаланып көрмеген. 42 пайызы ешқашан және ешбір жағдайда консалтинг қызметін пайдаланбаймыз десе, 38 пайызы кәсіби кеңес берушілердің қызметін пайдалану туралы ойланып та көрмеген. Зерттеу консалтингтік нарықтың зерттелмегенін айқын аңғартты. Ұсыным сұранымды ескермей қалыптасқан. Мәселен, консалтингтік 1 компанияға Қазақстанда 194 бизнес компаниясынан келсе, Ресейде ол 1500-ді құрайды.