Константин Цзю Австралиядағы үйін 1,7 миллион долларға сатады

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Бокстан әлемнің бұрынғы абсолюттік чемпионы Константин Цзю және оның отбасы Сидней маңындағы салтанатты үйін сатуға шығармақ, деп хабарлады Утро.ру.

Константин Цзю Австралиядағы үйін 1,7 миллион долларға сатады

«Мен бұл үйді өте жақсы көремін. Алайда бес адам үшін аса үлкен. Біз отбасымызға лайықты үй алғымыз келеді», - деді Цзю. Риэлторлардың бағалауынша, Сидней іргесіндегі Carss Park деп аталатын алпауыт қожалық аукционда шамамен 1,7 миллион долларға өтеді. Цзюдің отбасы сатуға шығаратын үйде алты жатын бөлмесі, сегіз ванна, теннис корты, төрт гараж бен бассейн бар. Қожалықтың жалпы ауданы 2,4 мың шаршы метді құрайды.

Атақты боксшының апартаменті сатуға шығарылатын аукцион Сиднейде 30 маусымда өтеді.