Константин Пономарев: «Геннадий Головкин - таңғаларлық боксшы, одан үйренерім көп»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашағы зор ресейлік кәсіпқой боксшы Константин Пономарев Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчеспен өз жұмысы жайлы талқылады, сонымен бірге Геннадий туралы пікірімен бөлісті.

Константин Пономарев: «Геннадий Головкин - таңғаларлық боксшы, одан үйренерім көп»

«Санчес - өте сауатты әрі талап ететін жаттықтырушы, ал адам ретінде оны көңілді, мейірімді, парасатты әрі сабырлы адам ретінде сипаттауға болады. Басында оның менің ойын тәсілдерімді «сындырады» деп ойлаған едім. Абель болса барлығын тура солай істеп, оған агрессия мен салқындылықты қосуды, қаттырақ соғып, қолдарын бас жақта ұстап тұруды сұрады. Бұл маған қазір керегі! Менімен бірге бұрынғы достарым мен промоутерлік компанияның спортшылары Денис Шафиков пен Мұрат Гассиев жаттығып жүр. Олардың мұнда келгеніне көп болмағанымен, физика мен соққы күшін игеріп алды. Бұл үміттендіреді. Біз жаттықтырушы салып берген үш қабатты үйде тұрамыз. Бірінші қабатында бокстың шаршы алаңы, жаттықтығатын зал және хауыз бар. Екінші және үшінші қабатта - қонақ үй бөлмелері, ас ішетін бөлме, жуынатын және киім жуатын бөлмелер орналасқан. Көп ұзамай осында келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін атақты панчер Геннадий Головкин келуі тиіс. Оның қалай жұмыс істейтінін қатты көргім келеді. Геннадий Головкин - таңғаларлық боксшы, одан үйренерім көп», - деді К.Пономароев.