Конституция - барлық игіліктің бастауы - А.Баталов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституция барлық заңдардың негізі, басты қағидасы бола отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына құқықтық тұрғыда жол ашты.
None
None

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Конституция күнімен құттықтауында осылай делінген.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын. Еліміздің Ата заңы қабылданған күн - баршамыз үшін маңызды мереке. Өйткені Конституция барлық заңдардың негізі, басты қағидасы бола отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына құқықтық тұрғыда жол ашты. Азаматтардың ар ождан бостандығына кепілдік беріп, қоғам мен мемлекеттік органдар жұмысының тәртібі мен жүйесін түзіп берді. Конституцияның әр бабы, әр тармағы еліміздің нығаюына, қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени жағынан жетілуіне барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің алғышартын жасап отыр. Президенттің талабына сәйкес жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Қолжетімді баспана - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» т.б. бағдарламалар негізінде Жетісу өңірінде жаңа кәсіпорындар іске қосылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылуда, кәсіпкерлікке ден қойғандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, тұрғын үйге мұқтаж жандар баспанамен қамтылуда. Балаларға тегін де сапалы білім алып, шығармашалық өрісін дамытуға мүмкіндік жасалған. Азаматтардың тиісті әлеуметтік және медициналық көмек алу жағдайлары да қарастырылған. Жетісу жұртшылығы өз құқықтарымен қатар міндеттерін де береке-бірлікпен тыңғылықты орындап, заңға бағынуға, нормаларын сақтауға, сол арқылы елдің әл-ауқатын арттыруға, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген үлкен мақсат - дамыған 30 елдің қатарына кіру ісіне әр азамат үлес қосуға тиіс екенін естен шығармайды. Жыл өткен сайын Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің еселене түсуі де - соның айқын айғағы. Құрметті жетісулықтар!

"Сіздерді мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Зор денсаулық, еселі еңбек, толайым табыс тілеймін. Отбасыларыңыз аман болып, бақ-береке орнасын!", - делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар