Конституция бойынша Қырғызстанда президенттік сайлау 2009 жылғы қазанның 25-іне дейін өтуі тиіс

БІШКЕК. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бүгін Қырғыз Республикасы Конституциялық Сотының төрайымы Светлана Сыдықова осы органның ағымдағы жылы кезекті президенттік сайлау өткізу туралы мәлімдемесін жариялады,

Конституция бойынша Қырғызстанда президенттік сайлау 2009 жылғы қазанның 25-іне дейін өтуі тиіс
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қырғыз Республикасы Конституциялық Сотының ақпараты бойынша шешім 2003 жылғы Конституция бойынша қабылданған. С.Сыдықованың түсіндіруінше, Құрманбек Бакиев 2003 жылғы Конституция бойынша сайланды, сондықтан да оның өкілеттік мерзімі де осы Негізгі Заң бойынша белгіленбек.ҚР Президенті Құрманбек Бакиевтің өкілеттігі 2009 жылғы қазанның 25-інде дейін ұзартылады. Енді қырғыз парламенті сайлаудың дәл күнін белгілеуі тиіс.