Конституция күні қарсаңында Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінде мерекелік шаралар өтуде

АСТАНА. Тамыздың 28-і.  ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ -  Конституция    күні  қарсаңында  Әділет министрлігінің  пенитенциярлық жүйесінің  бөлімшелерінде     мерекелік    шаралар  өткізіледі,  

Конституция күні  қарсаңында Әділет  министрлігінің    қылмыстық-атқару жүйесінде мерекелік  шаралар  өтуде

жас қызметкерлер ант қабылдайды,  деп  хабарлады        қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінен.

Атап айтқанда, ертең Астанада     Бауыржан  Момышұлы атындағы  саябақта  комитеттің 60 қызметкері     салтанатты  жағдайда  халыққа  және  Елбасына адал қызмет ету  туралы  ант қабылдайды. 

Ал Алматы  қаласы  қылмыстық-атқару  жүйесінің   40-тан  астам қызметкері  «Динамо» стадионында ант қабылдайды.  Сондай-ақ  Алматыдағы тергеу абақтысында       Конституция күні  құрметіне  «Нұр Отан»  партиясы өкілдерінің,        қылмыстық-атқару  жүйесінің ардагерлерінің,  құқық қорғаушы  ұйымдар  мен журналистердің  қатысуымен   мерекелік іс-шара өтеді.   

Павлодар   қаласында  28 жас қызметкер   Жеңіс  алаңында,  Мәңгілік   алаудың  жанында ант   береді.