Конституция күні қарсаңында Алматы облысында жаңа мектеп ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданында 120 орындық жаңа мектеп ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституция күні қарсаңында Алматы облысында жаңа мектеп ашылды

Конституция күні қарсаңында Қызылтоған ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ғимарат 2 қабатты.

Қызылтоған орта мектебінің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Алмас Әділ қатысты.

Бұл жобаның жүзеге асырылуы үшiн облыстық бюджеттен 717 млн теңге қаражат бөлiндi.

Енді оқушылар ашық та ыңғайлы сынып бөлмелерiнде өз бiлiмдерiн жетiлдiре алады.

Биылғы пандемия жағдайына байланысты 1-4 кезекші сыныптардағы 40 оқушы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп қабырғасында білім алса, 62 оқушы қашықтан оқиды.