Конституция күні қарсаңында елордалық Алматы ауданының әкімі 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктерді тапсырды
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Конституция күні қарсаңында елордалық Алматы ауданының әкімі 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктерді салтанатты жағдайды тапсырды.
Куәліктерді тапсыру салтанатты шарасына жас азаматтардың ата-аналары да қатысты.
«Аталмыш іс-шара патриоттық тәрбиені дәріптеу, жастарда қоғамның адамгершілік және әлеуметтік құндылықтары, конституциялық парызына беріктік секілді қағидаттарға негізделген азаматтылық, отансүйгіштік сезімдерді ояту мақсатында ұйымдастырылды», - делінген таратылған хабарламада.