Конституция күні жәрмеңке өтіп, базар бағасында жеңілдіктер болады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Конституция күнінде Қызылорда қаласындағы сауда нысандары тұрғындарға мерекелік жеңілдіктер ұсынады.

Конституция күні жәрмеңке өтіп, базар бағасында жеңілдіктер болады

Қала әкімдігінің ұсынысына сәйкес 30 тамыз күні «Мирас», «Анвар», «Магнат», «Рамазан», «Жайна», «Айтбек», «Асбол», «Ағжан» сауда үйлері мен орталықтары бау-бақша, көкөніс өнімдеріне, киім-кешектер мен тұрмыстық тауарларға 10-15 пайыздық мерекелік жеңілдіктер жасайтын болады.

Тоқтыбаев көшесінің бойында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Өнімдер 15 пайыздық жеңілдікпен сатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.