Конституция күнінде елордада жәрмеңкелер ұйымдастырылады -қала әкімдігі

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Конституция күні мерекесіне орай Астанада мектеп құрал-жабдықтары және ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады,

Конституция күнінде елордада жәрмеңкелер ұйымдастырылады -қала әкімдігі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, тамыздың 29-30 күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін ескі орталық алаңында мерекелік «Мектеп жәрмеңкесі» өтеді. Онда Астана және Алматы қалаларының үздік өндірушілері мектеп оқушылары киімдерінің жаңа үлгілерін ұсынатын болады. Жалпы жәрмеңкеде жаңа оқу жылына қажетті барлық тауарларды сатып алуға болады. 

Сондай-ақ, тамыздың 30-ы күні ҚР Қаржы министрлігінің алдындағы алаңда «Жетісу» және «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік компанияларының және  Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін «Ауылшаруашылық өнімдерінің» жәрмеңкесі өтеді.