Конституция күніне арналған жас ақындар мүшайрасының қорытындысы шығарылды

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жас ақындар мүшайрасының қорытынды кеші өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Мәссаған» ұлттық веб-порталының «Жігер» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Ата заңның мәртебесін асқақтатқан жырлар жазған дарынды жастар жиналған қауым алдында өз өлеңдерін оқыды. Бұл мүшайраға еліміздің әр өңірінен талапкерлер келгенін, 17 ақын өз өлеңдерін ұсынғанын айта кеткен жөн.

 Мүшайраның қорытындысында атыраулық Әлия Дәулетбай бірінші орынды жеңіп алды. Көкшетулық ақын Алмас Темірбай екінші орынды, астаналық Қалқаман Сарин үшінші орынды иеленді.

Сол секілді бірқатар жас дарын иелеріне ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттары табыс етілді. Жыр кешінде Астана өнерпаздарының қатысуымен әсем әндер орындалды.

Соңғы жаңалықтар