16:42, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Конституция күніне орай «Үлкенге құрмет - Ата заңдағы міндет» акциясы өтеді - ҚХА
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 тамыз күні Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы шеңберінде «Үлкенге құрмет - Ата заңдағы міндет» атты қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлады ҚХА баспасөз қызметінен.

Акция мақсаты - қарияларды Қазақстан Республикасының Ата Заң күнімен құттықтау.
Іс-шара аясында Астана қаласының ҚХА этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтеді. «Сонымен қатар, мерекеде қарттарды ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, Астана қаласы ҚХА хатшылығы мен этномәдени бірлестіктер басшылыры құттықтайды», делінген хабарламада.