Конституция күнінің қарсаңында Қарағанды облыстық өртке қарсы қызметінің 33 жаңа қызметшісі ант қабылдады
ҚАРАҒАНДЫ. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда өртке қарсы қызметтің 33 жаңа қызметшісі ант қабылдады, деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметінен.
Салтанатты рәсім дәстүр бойынша қаза тапқан өрт сөндірушілердің ескерткішінің қасында өтті. «Ант қабылдауды Конституция күніне орайластырдық», - деп атап өтеді ведомстводан.
Жаңадан қабылданушылар өртке қарсы қызмет мектебінде бастапқы дайындықтан өтіп, енді облыстың өртке қарсы бөлімшелерінде қызмет етеді.
«Антты қабылдай отырып, Сіздер мемлекетіміздің заңнамасы мен Негізгі заңы - Конституцияны сақтай отырып, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, адамдардың өмірлері мен мүліктерін өрттен аман сақтап қалуға міндеттеніп отырсыздар. Сіздердің еңбектеріңізге табыс және барлық жақсылықтарды тілеймін», - деп білдірді тілегін облыстық ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Бүркіт Мұқашов.