Конституция құрдасы Мақсат Бекмолдинов полиция қызметкері болды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД-нің полиция бөліміне Мақсат Бекмолдинов есімді тұрғын жұмысқа орналасты. Ол 30 тамыз күні 22 жасқа толды. Мақсат Қазақстан Республикасы Конституциясының құрдасы, деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Балсұлу Әлекенова.
None
None

Жас жігіт спортпен шұғылданады, ол жылдам әрекет ету арнайы жасағының құрамын толықтыратын болады.

Мақсат 1995 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауылында туған. Мектептен кейін Қостанай индустриалды колледжіне оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейін әскерге шақырылған. Ұзын бойлы әрі спорттық дайындығы жақсы Мақсат Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілген.

Әскерлік борышын өтеп келгеннен кейін ІІД-ге өтініш беріп, тестілеу мен дене даярлығы бойынша емтиханды сәтті тапсырған. Жақында Мақсат ҚР ІІМ-нің Қостанай қаласындағы оқу орталығына үш айлық оқуға жіберілетін болады.

«Қазақстан Ресбуликасының Конституциясы күні - бұл әрбір қазақстандықтың жүрегінен үлкен орын алатын мереке. Әсіресе мен үшін өте маңызды күн, сол күні туылғандықтан ғана емес. Конституция тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекет пен жалпы халыққа баяндылық сыйлады», - дейді Мақсат Бекмолдинов.

Конституция құрдасы қазақстандықтарға ашық аспан, отбасылық береке және зор денсаулық тіледі. 

Соңғы жаңалықтар