Конституциялық кеңес төрағасы Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша дайындаған қаулысын жария етті

АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың Конституцияның 4-ші бабын ресми түрде түсіндіріп беруге қатысты ұсынысы бойынша дайындаған нормативті қаулысын жария етті,

Конституциялық кеңес төрағасы Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша дайындаған қаулысын жария етті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, Конституцияның 4-ші бабы еліміз ратификациялаған халықаралық келісімдердің өзге заңдардан басымдықтарын анықтайды және халықаралық ұйымдардың шешімдерінің қолданылу жайын қарастырады.  

Премьер-Министрдің аталмыш ұсынысты енгізу себебі қазір Үкіметте Кедендік одақ комиссиясының шешімдерін ұйымға мүше мемлекеттер арасында жүзеге асыру мәселелерінде талқылануда.

Осыған қарай Конституциялық кеңес аталмыш мәселелерді ескере келе халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерінің халықаралық келісімдер бойынша, сонымен қатар Кедендік одақ комиссиясы мен  жалпыға бірдей ереже бойынша өзге заңдардан басымдығы бар және ол тікелей қолданыла береді деген байлам жасады. Ал осындай шешім мен еліміздің заңдарының арасында үйлеспеушілік пайда болған жағдайда халықаралық ұйымның шешімдері басым күшке ие болады және ол қалыптасқан мәселе шешілгенше бірінші кезекте қолданылады.  

Сонымен қатар Конституциялық кеңес төрағасы халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері адам құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін және республиканың территориялық тұтастығын бұзып, мемлекеттігімізге қауіп төндірген жағдайда қолданылмайтындығын атап көрсетті.  

Конституция талаптары бойынша, Конституциялық кеңестің қаулысы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және ол қайта қарауға жатпайды. Сондай-ақ құжат республиканың барлық аймағында бірдей заң күшіне ие.