Конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды - Мемлекет басшысы
«Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды. Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», - деді ҚР Президенті.